locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Астана бас бапкерін жұмыстан қуу мүмкін

Фото: X (twitter)
Астана бас бапкерін жұмыстан қуу мүмкін

Астана жақын арада бас бапкер Григорий Бабаянды жұмыстан шығаруы мүмкін, деп хабарлайды Спорт-Экспресс. Маман үшін еурокубоктегі ойын шешуші рөл атқармақ.

Дереккөздің хабарлауынша, егер команда Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу жолында норвегиялық Бранннан өте алмаса, Астана басшылығы Бабаянды жұмыстан шығаруы мүмкін. Елордалық клуб бірінші матчта 0:2 есебімен жеңілген еді.

Бабаянды алмастыруға негізгі үміткер – ресейлік Сергей Ташуев. Алайда, басқа клубтар да маманға қызығушылық танытуда.

Бабаян Астананы 2022 жылдан бастап жаттықтырады. Оның клубпен келісімшарты ағымдағы жылдың соңына дейін жарамды.

Астана – Бранн матчы 29 тамызда өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie