locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

„Астана“ бас бапкері „Пафосқа“ қарсы құрам мен чемпионаттағы талас туралы пікір білдірді

„Астана“ бас бапкері „Пафосқа“ қарсы құрам мен чемпионаттағы талас туралы пікір білдірді
ФОТО:Instagram

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян "Пафосқа" қарсы матчқа дайындық барысы жайында айтты.

– "Пафос" қазір Кипр чемпионатындағы ең жақсы команда, Бразилия, Аргентина және Португалияда өнер көрсеткен мықты аяқдопшылар бар. Өз лигасында ұпай жағынан басымдыққа ие көшбасшы.

– Кипрға жету жағын айтып өтсеңіз.

– Біз мұнда Алматыдан жетем дегенше ұзақ жолды басыт өттік, 24 сағаттай уақытымыз кетті. Қазір жаттығу өткізіп, матчқа дайындалып жатырмыз. Біздің жұпта «Пафостың» мүмкіндігі жоғары, бірақ намысты қолдан бермей, өзімізді жақсы жағынан көрсетуге тырысамыз.

— Қазір «Астананың» кестесі тығыз, көптеген ойындар жаздан күзге ауыстырылды. Бұл неге байланысты?

— Бұл еурокубоктардағы іріктеу кезеңі үшін қалыпты тәжірибе, барлық команда осылай жасайды. “Бранн”, "Корвинул" және "Милсами" да дәл осылай жасады, әрі бізде географиялық тұрғыдан өте үлкен және ұзақ қашықтықтар бар.

— Ал бұрын команда екі майданда қалай ойнады?

— Иә, бұрын чемпионаттың екі-үш турында ойындар сәуірге ауыстырылатын, бірақ биыл бізде ондай мүмкіндік болмады да, оларды қыркүйек-қазан айларына ауыстыруға тура келді. Осыдан да ауыр жүктеме туындады, сонымен қатар қаржылық қиындықтар себебінен чартерлік рейстердің болмауы әсер етті.

— "Тоболмен" ойнаған футболшылар неге Алматыда қалып қойды?

— Мұндай кестеде әр матчқа қатысу мүмкін емес. "Тоболмен" ойында біз қозғалыс пен эмоция жағынан артта қалатындығымыз байқалды.

— Демек, оларды "Жетісумен" болатын матчқа сақтадыңыздар ма?

— Иә, бізде бірінші орынға таласу мүмкіндік бар. Міндет — өз ойынымызды жеңіп, "Атырау" командасына үміт арту. Бірақ ол ойын жексенбіде, қазір біз өте қиын қарсыласқа қарсы ойынға дайындалып, көңіл күйімізді соған бағыттап жатырмыз.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie