Астана бапкері Бабаян Елімайды ірі есеппен жеңгеннен кейін пікір білдірді.
Елордалық “Астананың” бас бапкері Григорий Бабаян УЕФА Конференциялар Лигасының жалпы кезеңінде өтетін валийлік “Нью-Сейнтске” қарсы сырт алаңдағы ойын қарсаңында семейлік “Елімайды” 3:0 есебімен сенімді жеңгеннен кейін өз ойларымен бөлісті.
“Біз алғашқы минуттардан-ақ қарсыласқа бұл жерден жеңіссіз кетпейтінімізді түсіндірдік. Ойын алдындағы сөзіміз - бұл мінез, дайындық, жеңіс рухы және командалық ұстаным. Бүгінгі ойында осының бәрі шешуші рөл атқарды. Қарсыласқа еш мүмкіндік бермей, тамаша ойын өткіздік. Әрине, ойын тартысты, агрессиялы және кей тұстарда тіпті дөрекі болды, бірақ біз бәріне төтеп бердік. “Елімайдың” мінезі бар, олар да жоғары орындар үшін күресуде, сондықтан бұл матч олар үшін де өте маңызды болды. Олардың ұмтылысы мен табандылығы көрініп тұрды. Дегенмен, біз ұйымдастырылу, тактикалық тәртіп, толықтай берілгендік жағынан жақсы ойнадық. Барлық футболшылар, мейлі бастапқы құрамда болсын, мейлі ауысым арқылы шыққандар болсын, өздерін барынша көрсете білді деп ойлаймын. 3:0 — бұл біз толықтай лайықты түрде қол жеткізген нәтиже. Әрине, біз тағы бірнеше гол соға алар едік, бірақ “Елімайдың” да бір-екі мүмкіндігі болды. Жалпы алғанда, жеңіс әділ, және мен біздің жанкүйерлерімізді, әсіресе осындай ұзақ жолды еңсеріп, бізді қолдауға келгендерді құттықтағым келеді”, – деді Григорий Бабаян.
“Астана” сапында Усман Камара, Марин Томасов және Рамазан Кәрімов мергендігімен көзге түсті. Қазіргі таңда Бабаян шәкірттерінің еншісінде 37 ұпай бар, олар Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында. “Ордабасы” көш басында тұр, дегенмен “Астана” шымкенттік командадан небәрі екі ұпайға ғана қалып келеді.
Маңызды жайт: “Астананың” артық бір ойыны бар, бұл оларды чемпиондық бәсекеде басты үміткерлердің бірі етеді.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49