Астана аңызға айналған ойыншысы Марин Томасовпен келісімшарт мерзімін ұзартуды көздеп отыр
Футбол
06 қара 2024 03:19
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Фото: Астана ФК
“Астана” хорватиялық шабуылшы Марин Томасовпен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр. 37 жасар хорват ойыншысының клубпен келісімі жылдың соңына дейін жарамды, ал команда басшылығы тағы бір маусымға келісімшарт ұзарту мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұл туралы Match KZ телеграм арнасы хабарлады.
Томасов “Астана” сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда ол 33 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 9 гол соғып, 11 нәтижелі пас авторы атанды.
Осы уақыт ішінде Марин төрт мәрте Қазақстан чемпионы атанып, екі рет ҚПЛ маусымының үздік сұрмергені ретінде танылды.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52