locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Аслан Дарабев: "Құрамаға қайта қосылғаныма өте қуаныштымын.Командаға қолымнан келгенше көмектесемін"

ФОТО:  KFF

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Аустрияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында командаға ұзақ үзілістен кейін қайта оралуы туралы ойымен бөлісті.

“Құрамаға қайта оралу – үлкен қуаныш. Ең алдымен, құрамаға шақырту алу жауапкершілікті білдіреді. Жаңа ойыншылардың шақыртылып жатқанын байқадым және бұл дұрыс қадам деп санаймын. Буын алмасуы – сөзсіз процесс. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Шақыртуды іштей күттім, бірақ мұндайды ешқашан нақты болжай алмайсың. Құрамаға қайта қосылғаныма өте қуаныштымын. Командаға қолымнан келгенше көмектесемін,” – деп Meta-ratings.kz Асланның сөзін келтірді.

Еске сала кетейік, Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы Ұлттар лигасы аясындағы матч 10 қазан күні Линц қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:45-ке жоспарланған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie