locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Асхат Тағыберген «Тобылға» қайта оралуы мүмкін

Футбол 28 нау 2025 07:07
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Асхат Тағыберген «Тобылға» қайта оралуы мүмкін
ФОТО: Тобыл ФК

«Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген алдағы күндері команда ауыстыруы ықтимал. Журналист Ербол Қайыровтың мәліметінше, Қостанайдың «Тобылы» ұлттық құраманың капитанын қатарға қайта қосуды көздеп отыр. Қазақстан Премьер-лигасындағы трансферлік терезе 4 сәуірде жабылады және осы уақытқа дейін келісім рәсімделуі мүмкін.

Соңғы апталарда Асхаттың айналасында үлкен дау шықты. Шымкент әкімі футболшының ай сайын 20 миллион теңге жалақы алатынын, бірақ алаңда не дұрыс ойнамайтынын , не клубтан кетпейтінін айтқан. Асхат Тағыберген бұл айыптауларға жауап берген жоқ.

«Тобыл» үшін бұл тек тәжірибелі ойыншыны алу емес, бұрынғы көшбасшыны қайтару болмақ. Тагыберген Қостанай клубында екі рет ойнады: алғаш рет 2017 жылы жалға алынып, маусымның бірінші жартысында 10 матч өткізді. Ал 2021–2022 жылдары негізгі құрамда өнер көрсетіп, командамен бірге Қазақстан чемпионатын және Суперкубокты жеңіп алды. Жалпы, «Тобыл» сапында Асхат 76 ойынға қатысып, 16 гол соқты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie