Асхат Тағыберген Қазақстан чемпионатындағы 350-шы ойынын өткізді
22-турдағы “Қызылжарға” қарсы матч (1:0) 34 жасар “Ордабасы” жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген үшін Премьер-Лигадағы 350-ші ойын болды. Бұл туралы “Ордабасы” футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылордалық футболдың түлегі Асхат Тағыберген Премьер-Лигадағы дебютін 2008 жылдың 17 мамырында “Қайсар” сапында “Ертіске” қарсы матчта (0:1) өткізді. Ол 75-минутта Айдос Байтеновтың орнына алаңға шықты.
Асхат “Қайсар” сапында 140 матч өткізіп, 17 гол соқты. Сонымен қатар, “Ақтөбе” (74 матч, 2 гол), “Астана” (35 матч, 4 гол) және “Тобыл” (57 матч, 12 гол) сапында ойнады. Қазіргі уақытта “Ордабасы” құрамында 44 матч өткізіп, 13 гол соқты.
Өзінің мерейтойлық матчында Тағыберген “Қызылжар” қақпасына жеңіс голын соқты. Жалпы, алғанда Асхат Премьер-Лигада 350 матч өткізіп, 48 гол соқты.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20