Асхат Балтабеков: "Әрбір футболшы өз елінің намысын қорғауды армандайды, мен де солардың бірімін"
30 жастағы "Жетісу" клубының сол жақ қорғаушысы Асхат Балтабеков Ұлттар лигасының қазан айындағы матчтарында Қазақстан құрамасында дебют жасауға үмітті екенін айтты.
“Иә, қазан айында алаңға шығуға мүмкіндік болар деп үміттенемін. Әрбір футболшы өз елінің намысын қорғауды армандайды, мен де солардың бірімін. Алайда, соңғы шешімді бапкер қабылдайды — ол нақты ойын мен стратегияға сәйкес келетін үздіктерді таңдайды”,-дейді Асхат.
Балтабеков алғаш рет Қазақстан құрамасына 2024 жылдың қыркүйегінде шақырылған. 9 қыркүйекте оны Словенияға қарсы екінші турдың сырт алаңдағы матчына (0:3) қосқанымен, қорғаушы алаңға шыққан жоқ.
Қазір Балтабеков 10 қазанда Линцте өтетін Австриямен және 13 қазанда Алматыда өтетін Словениямен кездесуге арналған құрамға енді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52