Асхат БАЛТАБЕКОВ: “Бас бапкерге сенім артқанына алғысымды айтам”
Кеше Словенияға қарсы ойында Асхат Балтабеков дебют жасады. Латераль алаңға 64-минутта шықты. Ол шабуыл шебіндегі Ислам Чесноковты алмастырды. Ойыннан кейін Асхат, кездесу жайлы өз пікірімен бөлісті.
“Біріншіден бүгін келген жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді. Қолдау керемет болды. Екіншіден дебют жасағаны ма қуаныштымын. Бас бапкерге сенім артқанына рахмет. Өкінішке орай, жеңілдік. Бірақ, жанкүйерлерге біздің ойынымыз ұнады деп ойлаймын. Себебі, бүгін көп сәттерге толы болды. Иә, екінші таймда концентрация жоғалтып, гол өткізіп алдық. Бірақ басымызды түсірмедік. Шабуылға шығып, гол салғымыз келді. Жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз”.
Екінші таймда алаңға шыққан ойыншының сөзінше бас бапкер Станислав Черчесов шабуыл үдетуге тапсырма берген.
“Бүгін бапкер ойын алдында шабуылға көп мән бер деп. Алда мүмкіндіктері жасау керек. Мақсатым алға доп асыру болды”.
30 жастағы Балтабеков алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына 2024 жылдың қыркүйек айының басында шақырылды. Ол ресейлік “КАМАЗ” сапындағы жарақат алған Талғат Қусяповтың орнына құрамға қосылды. Асхат 9 қыркүйекте өткен Словенияға қарсы сырт алаңдағы матчқа қосалқы құрамға енгенімен, ойынға қатысқан жоқ. Ол Станислав Черчесовтың Аустриямен және Словениямен болатын матчтарға қатысатын негізгі құрам таңдауына кірді. 2024 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы аясында Балтабеков 19 матч өткізіп, 2 гол соғып және 3 нәтижелі пас берген.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20