Артета «Реал Мадридпен» болатын матч алдында: Біз мықты екенімізге сенуіміз керек — әсіресе бірінші минуттан соңғы минутқа дейін
Футбол
06 сәу 2025 09:59

Азат Максутбек

ФОТО: Getty images
«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалында «Реалға» қарсы өтетін алдағы ойын туралы пікір білдірді. Испандық бапкер мұндай қарсыласты жеңу үшін оның командасына сенімдірек және жай ғана жақсы ойнау керек екенін атап өтті.
«Біріншіден, біз өзіміздің мықты екенімізге сенуіміз керек. Мұны бүкіл ойын бойы - бірінші минуттан соңғы минутқа дейін жасау керек. Чемпиондар лигасында барлығын нақты эпизодтар шешеді және біз мұны жақсы түсінеміз» - деп Артета сөздерін испандық AS басылымы келтірді.
Бірінші ойын Лондонда, Эмиратс стадионында сәуірдің 8-нен 9-на қараған түні болатынын қосамын. Ойын дәл Астана уақытымен түн ортасы кезінде басталады.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:03

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек