Артем Кучин футболға жаңа рөлде оралды


Бұрынғы төреші Артем Кучин қайтадан қазақстандық футболға оралды, бірақ бұл жолы төреші ретінде емес, инспектор ретінде.
Ол Екінші лига матчына инспектор ретінде тағайындалды.
Еске салсақ, 2024 жылдың 17 маусымында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Төрешілер комитеті Кучинді төрешіліктен шеттеткен болатын. Бұл шешім маусым ішінде «Астана» клубының қатысуымен өткен екі матчта жіберген елеулі қателіктеріне байланысты қабылданған.
Әсіресе, Премьер-лиганың 11-турындағы даулы эпизод үлкен резонанс тудырды. Аталған ойында Кучин сол кездегі ел чемпионы «Ордабасы» қақпасына пенальти белгілемей қойған. Бұл жағдай 34-минутта орын алып, төрешіге қатысты шешім қабылдауда маңызды рөл атқарды.
Салдарынан Қарағанды қаласының өкілі маусым соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық деңгейдегі матчтардан уақытша шеттетілді. Енді ол футболға инспектор ретіндегі жаңа қызметте қайта оралды.

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42