locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Артем Дзюба тарихты қайта жазды: Лоськовтың рекорды жаңарды

Футбол 14 сәу 2025 12:39
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Артем Дзюба тарихты қайта жазды: Лоськовтың рекорды жаңарды
ФОТО: Getty Images

13 сәуір күні Тольяттилік «Акрон» клубының шабуылшысы Артем Дзюба Ресей чемпионаттары тарихындағы «гол+пас» жүйесі бойынша жаңа рекорд орнатты.

РПЛ-дың 24-турында Дзюба Воронеждің «Факел» командасымен өткен ойында (1:0) пенальтиден гол соғып, өзінің нәтижелі әрекеттерінің жалпы санын 266-ға жеткізді - 166 гол мен 100 нәтижелі пас, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.

Бұған дейінгі рекорд Мәскеулік «Локомотив» клубының бұрынғы ойыншысы Дмитрий Лоськовқа тиесілі болатын. Оның есебінде 120 гол және 145 нәтижелі пас бар еді — барлығы 265 ұпай.

2024/25 маусымында Дзюба «Акрон» сапында 18 матч өткізіп, 7 гол және 4 нәтижелі паспен көзге түсті. Тәжірибелі шабуылшының клубпен жасасқан келісімшарты 2025 жылдың жазы аяқталғанға дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтық бағасы — 1,8 миллион еуро.

«Акрон» командасы келесі кездесуін 19 сәуірде өткізеді — 25-тур аясында олар өз алаңында Мәскеудің «Спартак» клубын қабылдайды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie