Арсенал тәрбиеленушісі Кирнан Хьюз-Мейсон 14 жылға сотталды
Лондондық «Арсенал» академиясының тәрбиеленушісі Кирнан Хьюз-Мейсон қасақана ауыр дене жарақатын салғаны және балаларға қатыгездік көрсету айыбы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
2020 жылдың қаңтар айында футболшы жедел жәрдем шақырып, ес-түссіз жатқан қызды тапқанын хабарлады. Сол кезде балақай 2 жаста болатын. Дәрігерлер оны жасанды комаға енгізіп, екі апта бойы өмірі үшін күресті. Мамандар бұл жарақаттардың кездейсоқ болуы мүмкін еместігін анықтады. Себебі, қыз баланың денесінен бірнеше ай бойы алып келген 17 соққылар анықталды. Дәрігерлер қыздың алған жарақаттарын «жоғары жылдамдықтағы жол апатына» немесе «бірнеше қабаттан құлауына» теңеді.
Қазір қыз 7 жаста. Ол аман қалды, бірақ үнемі күтім мен қымбат емдеуді қажет етеді.
32 жастағы футболшы Кирнан Хьюз-Мейсон 7 жыл «Арсенал» академиясында өнер көрсетті. Ойыншы мансабын «Миллуоллда» бастады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52