Арне Слот өзінің дебюттік маусымында «Ливерпульмен» АПЛ жүлдесін жеңіп алды. Мұндай нәтижеге тағы қандай бапкерлер қол жеткізді?


Арне Слот «Ливерпуль» тізгінін ұстаған алғашқы маусымында Англия чемпионы атанды.
27 сәуірде АПЛ 34-турында өз алаңында «Тоттенхэмге» қарсы ойында (5:1) мерсисайдтықтар үш ұпай жинап, маусымның аяқталуына төрт тур қалғанда чемпиондық атағын қамтамасыз етті.
Осылайша, Арне Слот ағылшын Премьер-лигасының тарихында дебюттік маусымында чемпиондық атақты жеңіп алған алтыншы бапкер атанды. Оған дейін бұл жетістікке Жозе Моуриньо («Челси» 2004/05), Карло Анчелотти («Челси» 2009/10), Мануэль Пеллегрини («Манчестер Сити» 2013/14), Клаудио Раньери («Лестер» 2015/16) және Антонио Конте («Челси» 2015/16) жеткен.
Слот сонымен қатар Англия чемпиондығын алған алғашқы голландиялық бапкер болу арқылы тарихта өз атын қалдырды.

Теннис
Кеше 23:15


Басқа спорт түрлері
Кеше 16:29