locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Арман Дуплантистің тағы бір әлемдік рекорды

ФОТО: Getty images

Швециялық екі дүркін Олимпиада чемпионы Арман Дюплантис сырықпен секіруден жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл Польшада өткен Бриллиант лигасы кезеңінде орын алды, ол 6,26 метр биіктікті бағындырды.

Бұған дейінгі рекорд та Дюплантиске тиесілі еді. Ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада 6,25 метрге секірген болатын. 2020 жылы Дюплантис украиналық спортшы Сергей Бубканың 26 жыл бойы сақталған 6,14 метрлік рекордын жаңартқан болатын.

Арман Дюплантис екі дүркін Олимпиада чемпионы болуымен қатар, екі рет әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Еуропа чемпионатында үш мәрте алтын медаль иеленген.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie