Аркадий Шестаков: Тамбиев Қазақстан құрамасының ойынын күшейтеді


Қазақстан құрамасы мен Владивостоктың «Адмирал» командасының шабуылшысы Аркадий Шестаков Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Леонид Тамбиевтің ұлттық құраманың бапкерлік штабына қосылуына қатысты пікір білдірді.
«Жақында бұл жайлы сыбыстар тараған еді. Кейде әңгіме айтылып қалады да, ештеңе болмайды, ал кейде расымен орындалады. Бұл жолы расталды. Леонид Григорьевич тек ойынды ғана емес, команданың жалпы жүйесін де күшейтеді. Ол өзінің тәжірибесін жеткізеді және бізге осы маусымда қалай назар аударған болса, дәл солай ұсақ-түйекке мән береді», – деді Шестаков.
Еске сала кетейік, Леонид Тамбиев 2021 жылдан бері «Адмиралды» баптап келеді. Бұған дейін ол Қарағандының «Сарыарқасында» жұмыс істеген.

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19

Теннис
Кеше 23:15