locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арыс клубынан тәртіптік регламент ережесін бұзғаны үшін ұпай алынды

Арыс клубынан тәртіптік регламент ережесін бұзғаны үшін ұпай алынды

1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында өнер көрсететін «Арыс» клубынан Тәртіптік регламент ережесін бұзғаны үшін 3 ұпайы алынды. Бұндай шешім 2024 жылдың 28 тамызында өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырысында қабылданды. Бұған клубтың ҚФФ регламентін қайта бұзғаны әсер етті. Нақтырақ айтсақ, «Арыс» жасөспірімдер командасы ҚР Жасөспірімдер чемпионаты аясында стадионға шықпады. Сондай-ақ, Тәртіптік регламенттің 10 тармағының 10 бабы бойынша «Арыс» клубына айыппұл салынды.

Айта кетейік, қазіргі таңда клуб 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 22 турынан кейін 9 ұпаймен турнир кестесінде 15-ші орында келеді.