locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Аргентина Оңтүстік Америкада бірінші болып 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды

Аргентина Оңтүстік Америкада бірінші болып 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
ФОТО: Getty Images

Наурыздың 25-інен 26-сына қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатына Оңтүстік Американың іріктеу кезеңі аясында Боливия мен Уругвай құрамалары арасында ойын өтті.

Ойын голсыз аяқталып, командалар бір ұпайдан алды. Осылайша жетінші орында тұрған Боливия құрамасы «Альбиселесті» қуып жетудің математикалық мүмкіндігінен айырылды. Аргентиналықтар 2026 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Аргентина құрамасы 13 турдан кейін 28 ұпай жинады. Лионель Скалони шәкірттерінің келесі ойыны 26 наурызға қараған түні Бразилияға қарсы өтеді.

Матч алдында бұрыннан келе жатқан араздық ұшқыны тұтанып, Оңтүстік Американың екі командасының ойыншылары әлеуметтік желіде текетірес ұйымдастырды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie