Араухо Барселонаның жоспарына кірмейді
"Барселона" Роналд Араухоның келісімшартының мерзімін ұзарту мәселесін қайта қарастырып жатыр. Бұл туралы испандық Sport.es басылымы хабарлайды.
Ақпарат көзінің айтуынша, клуб қазіргі уақытта "Байер" клубының неміс қорғаушысы Жонатан Та-ны сатып алу мүмкіндігімен жұмыс істеп жатқандықтан, Араухоның келісімшартын ұзарту міндетті болмайды. Сонымен қатар, "Барселона" ойыншының жиі жарақат алуына алаңдап, бұл жағдай оның 2025 жылдың жазында сатылуына себеп болуы мүмкін.
Еске сала кетсек, бұған дейін Араухоның келісімшартын жаңартпаған жағдайда клубтан кетуі мүмкін екені айтылған. Қазіргі уақытта қорғаушының "Барселонамен" келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін күшінде. Осы маусымда Араухо "Барселона" сапында ойындарға қатыспаған.
Хоккей
Бүгін 11:39
Бокс
Бүгін 06:39