Қарағандылық Шахтерде жаңа басшылық тағайындалды: клубты қайта жаңдандыру күтілуде
Қарағандылық “Шахтер” клубында басшылық ауысты, бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
Бүгін “Шахтер” футбол клубында Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жақында клуб менеджментін сынға алып, қазіргі дағдарысты мүмкіндігінше тезірек шешуді тапсырған болатын. Клуб маусымды соңғы орынмен аяқтауда, сондықтан “кеншілерге” келесі жылы жаңа серпін қажет.
Директорлар кеңесінің шешімімен клубтың жаңа атқарушы директоры болып Талғат Дүйсеков тағайындалды – ол табысты кәсіпкер, қоғам қайраткері және меценат. Жаңа басшының спорттық менеджмент саласында да тәжірибесі бар. Дүйсеков 2022-2023 жылдары “Асық ату” қауымдастығын басқарды, ол Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Қысқа мерзімде ұйымның құрылымын қалыптастырып, асық атудан Азия чемпионатын алғаш рет өткізді.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35