locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Аптаның төрт қаһарманы: УЕФА турдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер тізімін жариялады

Аптаның төрт қаһарманы: УЕФА турдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер тізімін жариялады
ФОТО: Getty images

УЕФА Чемпиондар лигасының аптаның үздік ойыншысы атағына үміткер төрт футболшының есімін жариялады.

Бұл тізімге “Реал” клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор, “Фейеноорд” ойыншысы Игор Пайшао, “Боруссия Дортмунд” форварды Серу Гирасси және “Бенфика” шабуылшысы Вангелис Павлидис енді.

Винисиус “Реалдың” “Манчестер Ситимен” болған тартысты матчында (3:2) екі нәтижелі пас беріп, жеңіске үлес қосты. Пайшао “Фейеноордқа” “Миланға” қарсы ойында (1:0) жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы атанды. Гирасси “Боруссияның” “Спортингке” қарсы кездесуінде (3:0) гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал Павлидис “Бенфиканың” “Монакомен” өткен ойынында (1:0) жеңісті голды соқты.

Жанкүйерлер енді осы төрт ойыншының ішінен үздігін таңдап, УЕФА-ның ресми сайтында дауыс бере алады.

Винисиус ЖУНИОР: "Қарсылас жанкүйерлері осындай нәрсе жасаған сайын, менің мотивациям күшейе түседі"

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie