АПОЭЛ бас бапкері Астанаға қарсы ойыннан кейін төрешілердің әділетсіздігі туралы айтты
Кипрлік АПОЭЛ командасының бас бапкері Маноло Хименес Конференция лигасының топтық кезеңінің алтыншы турында "Астанамен" (1:1) өткен ойын нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Бірінші қателігіміз үшін жазаландық. Бұл рас. Бірақ төреші тарапынан әділетсіз шешімдер де болды. Мысалы, Сациастың алаңнан қуылуын әлі де түсіне алмаймын. Сондай-ақ, біздің футболшыны алаңнан тыс жерде қақпашы қағып кеткеніне қарамастан, ол неге қызыл қағаз алмады, түсінбеймін. Төреші екі рет қателік жасады, екеуі де АПОЭЛге қарсы болды!", - деді Хименес матчтан кейін.
Нәтижесінде, АПОЭЛ Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Ал "Астана" турнирдегі өнерін аяқтап, жалпы кестеде 28-орынға тұрақтады. Қазақстандық команда үшін бұл еурокубоктық маусым аяқталды.
Григорий Бабаян: "Біз елді лайықты түрде таныттық, бірақ жеңіс үшін тонус жетіспеді".
Футбол
Бүгін 04:05
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:52