АПЛ клубтары Манчестер Сити қаржы ережелерін бұзған жағдайда өтемақы алуы мүмкін
Футбол
13 қара 2024 14:22
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: Манчестер Сити
Өткен қыста Англия Премьер-Лигасы “Манчестер Ситиді” 2009 және 2018 жылдар аралығында 115 қаржылық фейр-плейді бұзды деп айыптады. Тыңдаулар осы маусымның басында басталып, келесі жылдың көктемінде үкім шығарылады деп күтілуде.
The Times басылымының хабарлауынша, егер «қалалықтар» кінәлі деп танылса, Премьер-Лиганың төрт клубы өтемақы талап ете алады. “Арсенал”, “Ливерпуль”, “Манчестер Юнайтед” және “Тоттенхэм” өткен аптада сотқа шағымдарын ресми түрде тіркеді.
Айыптаулар дәлелденсе, төрт клуб жүлделі кубоктар мен еуропалық додаларға жолдама алу үшін жоғалған қаражаттың орнын толтыруды талап ете алады. Ықтимал жоғалған пайда бірнеше жүз миллион фунтқа дейін жетуі мүмкін.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20