locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

АПЛ. Аморимнің Манчестер Юнайтед тізгініндегі дебюттік ойыны тең аяқталды

АПЛ. Аморимнің Манчестер Юнайтед тізгініндегі дебюттік ойыны тең аяқталды
Фото: DevilPage.pl

Жексенбі, 24 қараша күні Рубен Аморим “Манчестер Юнайтед” командасының бас бапкері ретінде алғашқы матчын өткізді. Өкінішке қарай, “қызыл сойқандар” турнир аутсайдері “Ипсвич Таунмен” тең түсті - 1:1.

Ойынның басы “Манчестер Юнайтед” үшін тамаша басталған еді. Маркус Рэшфорд бар-жоғы екінші минутта есеп ашқанымен, бірінші таймның соңына қарай “Ипсвичтің” ойыншысы Омар Хатчинсон есепті теңестіріп, матчты қызықтыра түсті. Екінші таймда қос команда да шабуылдар ұйымдастырғанымен, гол соғу мүмкін болмады.

АПЛ. 12-тур. Портман Роуд Стэдиум

“Ипсвич Таун” – “Манчестер Юнайтед” – 1:1 (1:1)

Голдар: Рэшфорд, 2 (0:1); Хатчинсон, 43 (1:1)

Бұл тең нәтиже “Манчестер Юнайтедті” 16 ұпаймен турнирлік кестенің 12-орнына орналастырды. Ал “Ипсвич” 9 ұпаймен 18-орында қалып, әлі де төменгі лигаға ұшып кету аймағынан шыға алмай отыр.

АПЛ. Ливерпуль өзі үшін қиын матчта Саутгемптонды жеңді

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie