Антонио Конте – Серия А-ның үздік бапкері: «Наполимен» жеткен триумф және Италиядағы бесінші чемпиондық
Футбол
23 мам 2025 23:27

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
«Наполи» футбол клубының бас бапкері Антонио Конте 2024/2025 маусымының қорытындысы бойынша Италия чемпионаты – Серия А-ның ең үздік жаттықтырушысы атанды.
Бұл жөнінде Серия А лигасының баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде ресми түрде хабарлады.
Маусымның соңғы, 38-турында неапольдық команда өз алаңында «Кальяриді» 2:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде «Интерден» бір ұпайға озып, ел чемпионы атанды.
Конте «Наполи» тізгінін 2024 жылдың жазында ұстаған болатын. Алғашқы маусымда-ақ ол команданы скудеттоға жеткізді. Бұл – 55 жастағы маманның Италиядағы бесінші чемпиондығы. Бұған дейін Конте «Ювентуспен» үш рет (2011/12, 2012/13, 2013/14), ал «Интермен» бір рет (2020/2021 маусымы) чемпион атанған.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 13:52

Футбол
Бүгін 11:12
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек