locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Антонио Кассано: "Криштиану Роналду футбол ойнай алмайды"

ФОТО:  Getty images

"Реал Мадридтің" бұрынғы итальяндық футболшысы Антонио Кассано Криштиану Роналду ойын шеберлігі жоқ деп санайды.

"Криштиану Роналду футбол ойнай алмайды. Ол 3000 гол соқса да, маған бәрібір. Игуаин, Бензема, Агуэро, Левандовски, Ибрагимович және Суарес командалық ойында өзара әрекеттесе білді. Оларда көптеген ойын дағдылары дамыған , ал Роналду үшін тек гол соғу маңызды", – деп мәлімдеді Кассано.

Айта кетейік, Антонио Кассано "Рома", "Интер", "Милан" және мадридтік "Реал" секілді клубтарда ойнаған. Ол 2017 жылы "Эллас Верона" клубында қысқа уақыт ойнағаннан кейін мансабын аяқтады.