locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ансу Фати Лига 1-ге жол тартты: «Барселона» мен «Монако» вингердің арендасын келісіп қойды

Испаниялық талант Францияда өнер көрсетпек - «Монако» ойыншыны толық сатып алу құқығына ие болады
Футбол 23 мау 2025 09:13
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ансу Фати Лига 1-ге жол тартты: «Барселона» мен «Монако» вингердің арендасын келісіп қойды
ФОТО: Getty Images

Каталониялық «Барселона» мен Францияның «Монако» клубы Ансу Фатиді жалға беру жөнінде келісімге келді.

Бұл ақпаратты беделді инсайдер Фабрицио Романо растады. Оның мәліметінше, 22 жастағы шабуылшы Франция чемпионатына маусымдық аренда негізінде ауысып, «Монако» кейін оны толық сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Алдағы күндері Фати медициналық тексерістен өту үшін «Монако» клубының базасына келеді.

Ансу - «Барселона» академиясының түлегі. Ол негізгі команда сапында 123 матч өткізіп, 29 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

2023/2024 маусымында Фати Англияның «Брайтон» клубында жалға ойнады, ал өткен маусымда «Барса» құрамында 11 ресми ойынға қатысты.

Футболшының каталондық клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie