locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ғани Қайназаров жыл сайынғы European Leagues конференциясына қатысты

Ғани Қайназаров жыл сайынғы European Leagues конференциясына қатысты
ФОТО: QFL

11 желтоқсан күні Ньонда (Швейцария) жыл сайынғы Еуропалық кәсіби футбол лига ассоциациясының (EPFL) конференциясы ұйымдастырылды. Еуропа футбол ұйымдары басшыларының бас қосуына Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров қатысты, деп хабарлады QFL ресми сайты.

Конференцияда лиганың жұмысына байланысты стратегиялық жоспарлардың сәтті кейстері таныстырылып, Грекия, Швеция, Чехия футболының даму барысы мысал ретінде көрсетілді. Әлемдік лига ассоциациясының (WLA) бас хатшысы Джером Перлемутер әлемде матчтардың саны арту тенденциясы мен турнирлердің күнтізбеге сай құрылуына тоқталды. ФИФА мен УЕФА өкілдері халықаралық бәсекелердің жаңа форматының артықшылықтарына тоқталып, футболдағы табыстың одан әрі еселенетінін баяндады.

Өз кезегінде Ғани Қайназаров Еуропалық кәсіби футбол лига ассоциациясының басшылығымен футболдың дамуы бойынша ой алмасты. Ұйымның атқарушы директоры Жакко Суэрт серіктестерді тартудағы жұмыстың ерекшеліктеріне тоқталып, 2024 жылы QFL жүзеге асырған бірқатар жобаларды жоғары бағалады. Сондай-ақ, Ғани Қайназаров футболдан Латвия Жоғарғы лигасының президенті Максим Кривунецпен кездесу өткізді.

Арсен Буранчиев "Қызылжар" командасының сапына қосылды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie