locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Англияда қазақ ізі: Михаил Ломтадзе иелік ететін клуб ірі есеппен жеңілді

Футбол 21 сәу 2025 12:50
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Англияда қазақ ізі: Михаил Ломтадзе иелік ететін клуб ірі есеппен жеңілді
ФОТО: Getty Images

Англия чемпионатының үшінші деңгейлі дивизионы саналатын Бірінші лиганың 44-туры аясында «Уиком Уондерерс» өз алаңында «Чарльтон Атлетикті» қабылдап, 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.

Қонақтар матчты белсенді бастап, 11-минутта Ллойд Джонстың голымен есеп ашты. 24-минутта Люк Берри есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда Мэтт Годден (58 минут) және Карой Андерсон (62 минут) кезекті голдарды соғып, қорытынды нәтижені бекітті.

Англия. Бірінші лига. 44-тур

«Уиком Уондерерс» — «Чарльтон» — 0:4

Голдар: 11’, Джонс, 24’, Берри, 58’, Годден, 62’, Андерсон

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе иелік ететін «Уиком Уондерерс» бұл жеңілістен кейін турнирлік кестеде 84 ұпаймен екінші орыннан үшінші орынға сырғыды. Ал «Чарльтон» 82 ұпаймен төртінші сатыға көтерілді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie