locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысының басы дауға қалды

ФОТО:  Getty images
Англия құрамасының бұрынғы ойыншысының басы дауға қалды

Лингард Сеулде жүргізуші куәлігінсіз электро скутер мінген деген айыппен тергеу үстінде.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша қыркүйектің 16-сы күні сағат 22:20 шамасында болған. Лингард бұған дейін Ұлыбританияда жылдамдықты асырып, мас күйінде көлік жүргізгені үшін салынған айыппұлдардан кейін 18 айға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Лингард әлеуметтік желіде электр скутер мініп, көшеде серуендеп жүргені жайлы жазба жариялағанымен, көп ұзамай оны өшіріп тастады.

Полиция оның алкоголь ішкен-ішпегенін және халықаралық жүргізуші куәлігінің бар-жоғын тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды Daily Mail.

31 жастағы футболшы осы көктемде “Сеул” клубына еркін агент ретінде қосылды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie