locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Англия лигасының кубогы: Манчестер Юнайтед 7 гол соқты

Англия лигасының кубогы: Манчестер Юнайтед 7 гол соқты

17 қыркүйекте 2024/25 жылғы Англия лигасы кубогының алғашқы матчтары өтті.

"Манчестер Юнайтед" "Барнслиге" қарсы ойында гол жаудырды. Манкуниандықтар қарсыластарының қақпасына жеті гол соқты. Матчта Маркус Рэшфорд, Алехандо Гарначо және Кристиан Эриксен соққан үш дубль болды. Сонымен қатар бразилиялық Антони де 11 метрлік айып добын сәтті орындап, голсыз қайтпады.

"Брентфорд" Англия бірінші лигасының өкілі "Лейтон Ориентті" 3-1 есебімен жеңді. "Аралар" матч жеңімпазы туралы барлық сұрақтарды бірінші таймда шешіп тастады.

"Кристал Палас" "КПР"-ға қарсы ауыр матч өткізді, бірақ 2:1 есебімен келесі кезеңге өтті. "Кристал Палас" матч барысында екі рет көш бастады және сол есепті сақтай алды.

"Эвертон" "Саутгемптонмен" негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті. Алайда, ұзаққа созылған пенальти сериясында "Эвертон" әлсіз болып шықты.

Англия лигасының кубогы, 1/16 финал, 17 Қыркүйек

"Манчестер Юнайтед" – "Барнсли" - 7:0

Голдар: Рэшфорд, 16, 58, Антони, 35, Гарначо, 45+2, 49, Эриксен, 81, 85

"КПР" – "Кристал Палас" - 1:2

Голдар: Филд, 53 – Нкетия, 16, Эзе, 64

"Сток Сити" – "Флитвуд" - 1:1 (пен. 2:1)

Голдар: Роуз, 54 – Беннетт, 90+1

"Блэкпул – "Шеффилд Уэнсдей" - 0:1

Голдар: Бернард, 34

"Престон" - "Фулхэм" - 1:1 (пен. 16:15)

Голдар: Ледсон, 35 – Нельсон, 61

"Брентфорд" - "Лейтон Ориентус" - 3:1

Голдар: Карвальо, 17, Дамсгард, 26, Нергор, 45 – Купер, 11

Қызыл қағаз: Симпсон, 69

"Эвертон" - "Саутгемптон" - 1:1 (пен. 5:6)

Голдар: Дукуре, 20 – Харвуд-Беллис, 32