locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Англия кубогының чемпиондары АПЛ-де де жарқ етті: «Кристал Пэлас» «Вулверхэмптонды» қиналмай жеңді

Футбол 20 мам 2025 16:58
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Англия кубогының чемпиондары АПЛ-де де жарқ етті: «Кристал Пэлас» «Вулверхэмптонды» қиналмай жеңді
ФОТО: Getty images

Ағылшын Премьер-лигасының 37-туры аясында «Кристал Пэлас» жанкүйерлерінің алдында тартысты матч өткізіп, «Вулверхэмптонды» 4:2 есебімен айқын жеңді.

Қонақтар есепті бірінші болып ашты - 24-минутта Агбаду мергендік танытты. Алайда лондондықтар тез ес жиып, Эдди Нкетия небәрі бес минут ішінде қос гол соғып, команданы алға шығарды. Үзілістен кейін Бен Чилуэлл есепті 3:1-ге жеткізді. 62-минутта Ларсен үміт отын қайта жаққандай болды, бірақ матчтың 86-минутында Эберечи Эзе соңғы нүктені қойып, «Кристал Пэласқа» маңызды жеңіс сыйлады.

АПЛ. 37-тур
«Кристал Пэлас» — «Вулверхэмптон» — 4:2
Голдар: Нкетия, 27 (1:1). Нкетия, 32 (2:1). Чилуэлл, 50 (3:1). Эзе, 86 (4:2) — Агбаду, 24 (0:1). Ларсен, 62 (3:2)

Бұл жеңістен кейін «Кристал Пэлас» 52 ұпай жинап, турнирлік кестенің 12-орнына тұрақтады. Ал «Вулверхэмптон» 41 ұпаймен 14-сатыда қалды.

17 мамыр күні «Кристал Пэлас» Англия кубогының финалында «Манчестер Ситиді» сенсациялық түрде 1:0 есебімен жеңіп, 2025/26 жылғы маусымда Еуропа лигасына жолдама алған болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie