locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Англия Кубогының алғашқы финалисті белгілі болды. «Кристал Пэлас» жартылай финалда «Астон Вилланы» жеңді

Англия Кубогының алғашқы финалисті белгілі болды. «Кристал Пэлас» жартылай финалда «Астон Вилланы» жеңді
ФОТО: Getty Images

26 сәуірде «Уэмблиде» Англия Кубогының жартылай финалында «Кристал Пэлас» пен «Астон Вилла» кездесті.

«Астон Вилла» допқа алғашқы минуттардан-ақ иелік етті, бірақ есепті «әйнекшілер» ашты. Ойынның 31-минутында Эберечи Эзе қақпа маңдайшасының астына керемет соққы жасап, бірінші голды соқты. Ал екінші таймның басында бирмингемдіктердің қақпасына пенальти белгіленді, «Кристал Пэластың» есепті еселеуге тамаша мүмкіндігі болды, бірақ оны пайдалана алмады. Жан-Филипп Матетаның тепкен добы қақпа бағанасынан қиыс өтіп кетті. Бірақ Оливер Гласнер шәкірттері тез қателігін жуып-шайды – небәрі төрт минуттан кейін Исмаила Сарр өзінің алғашқы голын соқты. Ал матч соңында ол дубль жасап, ірі есеп тіркеді.

Осылайша «Кристал Пэлас» тарихында төртінші рет Англия Кубогының финалына шықты. Финалда «бүркіттер» 27 сәуірде өтетін «Ноттингем Форест» – «Манчестер Сити» кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Англия Кубогы. Жартылай финал. 26 сәуір

«Кристал Пэлас» - «Астон Вилла» - 3:0

Голдар: Эзе, 31, Сарр, 58, 90+4.

Салынбаған пенальти: Матета, 54 («Кристал Пэлас»).

ФОТО: ФК Кристал Пэлас
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie