Англия. Арсенал тартыста ойында Ливерпульмен тең тарқасты
Футбол
27 қаз 2024 14:38
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: Meta-ratings.kz
27 қазанда Англия Премьер-лигасының 9-турында “Арсенал” мен “Ливерпуль” арасында орталық кездесу өтті.
Командалар ойынның басынан белсенді ойын өрнегін көрсетіп, тіпті, гол алмасып үлгерді. Ал бірінші таймның соңында “Арсенал” есепте алға шықты. Алайда, екінші таймның соңында “Ливерпуль” шабуылдаушысы Салах есепті теңестірді. Нәтижесінде, тартысқа толы ойында 2:2 есебі тіркелді. Бұл есеп “Манчестер Ситиге” тиімді.
АПЛ. 9-тур. 27 қазан
“Арсенал” – “Ливерпуль” – 2:2 (2:1)
Голдар: Сака, 9 (1:0); Ван Дейк, 18 (1:1); Мерино, 43 (2:1); Салах (2:2)
“Канонирлер” турнирлік кестеде үшінші орынға оралса, “мерсисайдтықтар” екінші орында. Командаларда сәйкесінше 18 және 22 ұпайдан бар.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52