locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Андрей-Даниель Влад қарқын алуда: «Ақтөбе» қақпашысы 282 минут бойы гол жіберген жоқ

Футбол 13 мам 2025 06:42
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Андрей-Даниель Влад қарқын алуда: «Ақтөбе» қақпашысы 282 минут бойы гол жіберген жоқ
ФОТО: fcaktobe_official инстаграм парақшасынан

«Ақтөбе» командасының 26 жастағы румыниялық қақпашысы Андрей-Даниель Влад өз қақпасын 282 минут қатарынан голдан аман сақтап келеді, деп хабарлады KazFootball.kz.

Соңғы рет Влад 2025 жылдың 19 сәуірінде Қостанайда өткен матчта доп жіберіп алған болатын. Ол кезде «Тобол» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков есеп ашқан. Содан бері Андрей қатарынан үш ойында қақпасына гол өткізген жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаттарының тарихындағы ең ұзақ «құрғақ» серия 2005–2006 жылдары «Қайрат» сапында өнер көрсеткен Сергей Бойченкоға тиесілі - ол 921 минут бойы гол жібермеген.

Ал биылғы маусымда ең үздік көрсеткіш «Елімай» клубының қақпашысы Максим Ковалға тиесілі. Оның сериясы 366 минутты құрады. Влад осы нәтижеге жақындап келеді және егер сенімді ойынын жалғастырса, жаңа рекорд орнатуы да мүмкін.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie