Андрей Лунин Реал Мадридпен келісімшарт мерзімін ұзартты
Лунин «Реалмен» жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды
25 жастағы футболшының «Корольдік клубпен» жаңа келісімі алдағы 4 маусымға дейін жарамды болады. Алдыңғы келісімшарттың мерзімі 2025 жылдың жазында аяқталатын. Бұл ақпаратты Фабрицио Романо растады:
««Реал Мадрид» пен Андрей Лунин 2028 жылдың маусымына дейін жарамды жаңа келісімге қол жеткізді. Қазіргі келісім 2025 жылдың маусымында аяқталуы тиіс еді, бірақ осы жазда клубта қалған Лунин жаңа келісімшартқа қол қояды»,-деп хабарлайды Романо X әлеуметтік желісінде.
Андрей Лунин 2019 жылы клубқа ауысқанымен, 2023-24 маусымынан бастап тұрақты түрде негізгі құрамда ойнай бастады.
Өткен маусымда жанкүйерлер оның Чемпиондар Лигасындағы ойындарын жоғары бағалады, онда ол «Лейпциг» және «Ман Сити» командаларына қарсы керемет ойын көрсетті. Тибо Куртуа жарақат алған кезде Лунин негізгі құрамға шықты, бірақ Куртуа жазылып шыққан соң, ол қайтадан қосалқы орындыққа ауысты.
Осыдан кейін Луниннің клубтан кететіні туралы сыбыстар тарай бастады, бірақ келіссөздерден кейін украиналық қақпашы «Реалмен» келісімшартты ұзартуға шешім қабылдады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52