locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Андрей Карпович: Дәл осылай ойнасақ, бізге ешкім қорқынышты емес

Футбол 19 мам 2025 04:52
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Андрей Карпович: Дәл осылай ойнасақ, бізге ешкім қорқынышты емес
ФОТО: ФК «Елимай»

«Елімай» бас бапкері Андрей Карпович Премьер-лиганың тоғызыншы турдағы «Қайратқа» қарсы өткен кездесуден (1:0) кейін пікір білдірді.

«Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды болды. Матч қиын өтті, себебі «Қайрат» – өте мықты команда. Екі жаққа да оңай болмады. Қазір эмоциялар көп, нақты бірдеңе айту да қиын. Бір ғана нәрсені анық білемін – футболшылар бүгін бар күшін салды, жанын беріп ойнады. Жаратушы да соған лайықты сыйын берді. Олар жанкүйерлер үшін ойнады, халықты қуантқысы келді.

Ойын алдында жанкүйерлермен болған кездесу бізге үлкен серпін берді. Бұл қолдау бізге қосымша мотивация сыйлады. Халық бізге сенеді, қиын кезеңде де қасымызда. Мен жігіттерге алғыс айтамын – оларда жеңіске деген жігер, жүріс-тұрыс, керемет көңіл-күй болды. Мен оларға: «Егер біз осылай ойнай берсек, ешкімнен қорықпаймыз», – дедім. Бүгін біз елдің Чемпиондар лигасында ойнайтын ең мықты командасын жеңдік. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын, жанкүйерлерге осындай атмосфера үшін алғысым шексіз!».

Осылайша, «Елімай» тоғыз турдан кейін бесінші орынға жайғасты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie