Андрей Аршавин бұрынғы клубын чемпиондық атақпен құттықтады
Төртінші мәрте Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған “Қайрат” командасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин құттықтау сөздерін жолдады.
Сәлем, “Қайрат”. Сіздерді 70 жылдық мерейтойыңызда чемпион болуыңызға байланысты шын жүректен құттықтаймын. Бұл жанкүйерлер, ойыншылар мен клуб басшылығына қаншалықты маңызды екенін білемін. Сіздер жарадыңыздар! Сондай-ақ осы чемпион болған маусымда сіздердің құрамыңызда ойнай алғаныма қуаныштымын. Тоқтамай, алға жылжып, келесі жылы еурокубокте сәтті өнер көрсетулеріңізге тілектеспін. Чемпиондық құтты болсын! Алға, “Қайрат”!
“Қайрат” сапында өткен үш маусымда Андрей Аршавин 100-ден астам матч өткізіп, 30 гол соғып, 37 нәтижелі пас берді. Клубпен бірге ол екі рет ел чемпионатының күміс медалін, сондай-ақ Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52