Андреас Иньеста мансабын аяқтағаны жайлы хабарлады
Каталондық “Барселона” клубы мен Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
39 жастағы жартылай қорғаушы “Барселона” жүйесінде 1996 жылдан 2018 жылға дейін өнер көрсетті. Осы кезеңде ол негізгі команда құрамында барлық турнирлерде 674 матчқа қатысып, 57 гол соғып, 136 нәтижелі пас авторы атанды. Сонымен қатар, Андрес жапондық “Виссел Кобе” командасында да ойнап, оның құрамында барлық турнирлерде 134 матчқа қатысып, 26 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген. Иньестаның соңғы клубы Біріккен Араб Әмірліктерінің “Эмирейтс” командасы болды, онда ол 23 матчта бес гол соғып үлгерді.
Испания ұлттық құрамасы сапында Иньеста екі рет Еуропа чемпионатын және Әлем чемпионатын жеңіп алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52