locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Анчелотти: Мбаппе ертең ойнауға дайын

Анчелотти: Мбаппе ертең ойнауға дайын

Реал Мадридтің бас бапкері Карло Анчелотти Аталантаға қарсы ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Бапкер баспасөз мәслихатында маусымның алғашқы жүлдесін жеңіп алу мүмкіндігі жайында, Винисиус Жуниорға қызығушылық танытқан Арабия жайында, жаңа ойыншысы Мбаппе жайлы, команданың маусымдағы негізгі құрам ойыншылары және Тони Кроостың орнын баса алатын ойыншылар жайлы және клубтың ішкі атмосферасы жайында сөз қозғады.

Маусымның алғашқы жүлдесі? Әрине, біз оны жеңіп алуға ынталымыз. Маусымды жақсы бастағымыз келеді, біз сияқты өте талапшыл команда үшін бұл жүлде сәтті маусымның алғашқы жүлдесі болар еді. Гаспирини менің жақын досым,ертең екеумізді де тартысқа толы ойын күтеді.

Мбаппе? Ол жақсы формада клубқа қосылды, әрине біздің онымен жаттығатын көп уақытымыз болмады. Бірақ, ол ертең ойнауға дайын.

Арабия? Біздің үлкен әрі сәтті болашаққа арналған жобамыз бар, біздің клуб сапына үлкен ойыншылар ауысты және біз олардың тез бейімделуімен жұмыс жасаудамыз. Арабтар біздің жобаға кедергі бола алмайды.

Вини? Ештеңке де емес, сыбыстарға назар аудармаймыз.

Команданың негізгі ойыншылары? Бұл сұрақ менің демалысымды құртты, жаз бойы осыған ойландым. Үздік ойыншыларды жаттықтыруда үлкен мәселе.

Кроос? Ол үздік ойыншы, дегенмен кету жайлы шешімді ол өзі қабылдады және біз оның шешімін сыйлаймыз. Оның орнын басу қиын, бірақ біздің клуб сапында Феде, Камавинга секілді ойыншылар бар. Біздің ойын стиліміз қолымызда бар ойыншылармен дағдыланады.

Лунин? Ол біздің команданың басты бөлігі және біз үшін маңызды.

Пенальтиді Мбаппе тебу қажет? Иә, ол жақсы пенальти тебеді, бірақ біздің клуб сапында сонымен қоса Беллингем және Федерико да жақсы пенальти орындайды. Жалпы, менің командам да пенальти тебе алатындар көп. Ол жағын көре жатамыз.

Мбаппе команданың жаңа патшасы? Жоқ. Реал Мадридте патша да, ханзада да жоқ. Менің клубымда тек ойыншылар бар. Біздің киім ауыстыратын бөлменің атмосферасы ешқашан бөлінбейді. Үлкен ойыншылар арқасында клуб өзінің ұлылығын сақтап келеді.

Корольдік клуб Еуропа Лигасының жеңімпаздары Аталантамен бірге УЕФА Супер Кубогы үшін таласады. Финалдық ойын Астана уақытымен 15-ші тамызда 00:00 өтеді.