Аморимнің МЮ дағы басты және шұғыл жоспары
Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубының жаңа бас бапкері Рубен Аморим кеше, 11 қарашада, команданың базасына келді. Ол Траффордтағы жаттығу орталығын аралап, "қызылдардың" басшылары Омар Беррада, Дэн Эшуорт және Джейсон Уилкокспен кездесті. Беделді инсайдер Фабрицио Романо португалиялық маманның басшылыққа берген алғашқы нұсқауы мен жоспарларын хабарлады.
“Бізге қарқыны жоғары ойыншылар қажет”. Бұл Аморимнің басшылықпен алғашқы келіссөздерінде айтқан негізгі сөзі болды деп жазады инсайдер. Романоның мәліметінше, Аморимнің басты және шұғыл жоспары — "МЮ" құрамын үш орталық қорғаушымен ойнайтын схемаға көшіру.
Еске сала кетсек, Аморим "МЮ" клубына Португалияда өткен маусымда чемпион атанған "Спортинг" клубынан ауысып келді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52