Алтын доп иегері Реалдың бойкоты туралы пікір білдірді
Испания құрамасы мен "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Родри мадридтік "Реал" клубының "Алтын Доп" марапатын тапсыру рәсімін елемеуіне қатысты өз пікірін білдірді.
"Не айтқым келеді? Барлығының қатысқанын қалағаным жөн бе? Әрине, мен бәрінің қатысқанын қалар едім. Мұндай кеште планетаның ең үздік ойыншыларының барлығының қатысқанын қалаймын. Бірақ жылдың ең үздік командасы марапаттау рәсіміне қатыспады, соған қарамастан, оның өкілдері ең үздік жаттықтырушы мен бомбардир атанды.
Мен әркімнің шешімін құрметтеймін, бірақ мен олай істемес едім. Олар өздеріне дұрыс деп санаған нәрсені істеді", — дtg Родри сөзін Marca басылымы келтірді France Football ға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Реал негізгі қорғаушысы үшін маусым аяқталды
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20