locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Алты жылдан кейін алғаш рет. Мбаппе қайтадан алаңнан тікелей қызыл алып қуылды

Футбол 13 сәу 2025 12:02
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

«Алавеске» қарсы өітп жатқан Ла Лиганың 31-турындағы матчта мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл – футболшының соңғы алты жыл ішіндегі алғашқы алаңнан қуылуы. Бұған дейін ол 2019 жылдың сәуірінде «Пари Сен-Жермен» сапында Франция Кубогының финалында «Реннге» қарсы ойында дәл осындай тәртіп бұзушылық үшін ойыннан қуылған болатын.

Ерекше назар аударарлығы – Мбаппе кәсіби мансабында төрт рет алаңнан қуылды және барлығында тікелей қызыл қағаз алған. Бұл жолғы жағдай да ерекшелік емес.

Испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, Ла Лига тәртіптік комитеті ойыншыға қатысты жазаны күшейтуі мүмкін. Қазіргі уақытта ол 5-12 матчқа дейін дисквалификацияға ұшырауы ықтимал. Бұл дегеніміз – Мбаппе «Барселонаға» қарсы алдағы «Эль Класико» секілді маңызды ойындарды өткізіп алуы мүмкін.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie