Алматы билігі Қайратқа чемпиондық атақты жеңу құрметіне орай сыйлық жасады
Алматылықтар мен “Қайрат” футбол клубының жанкүйерлері үшін ерекше сыйды қалалық әкімдік әзірледі. “Қайраттың” жеңісінен кейін “Көктөбе” мұнарасы алматылық клубтың түстерімен жарықтандырылды. Бұл ерекше сәт клубтың Қазақстан чемпионатында төртінші рет “алтын” жүлдені жеңіп алуымен орайлас келді.
Айта кету керек, “Қайрат” чемпиондық атақты клубтың 70 жылдық мерейтойында иеленді.
Еске сала кетейік, жексенбі, 10 қараша күні, “Қайрат” Қазақстан чемпионы атанып, “Астанадан” бір ұпайға озып, турнирлік кестенің көшбасшысы болды. Клуб сырт алаңда “Атырауды” жеңіп, маусымды жеңіспен қорытындылады. Осылайша, “Қайрат” өз тарихында төртінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Бұған дейін клуб 1992, 2004 және 2020 жылдары чемпион атанған болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52