locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Алмат БЕКБАЕВ: “Артында ешқандай жасаған ісі қалмай, отставкаға кетті”

Футбол 08 қара 2024 10:36
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Алмат БЕКБАЕВ: “Артында ешқандай жасаған ісі қалмай, отставкаға кетті”
ФОТО: Getty Images

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев, Sport24.kz редакциясына берген сұхбатында, отставкаға кеткен Әділет Барменқұловтың жұмысына бағасын берді.

Алмат, ҚФФ президенті лауазымынан кеткен Әділет Барменқұловтың жұмысына қандай баға бересіз?

-Қазақстан ұлттық құрамасының бір жыл бұрын жақсы өнер көрсеткені, Әділет Назарбайұлының жетістігі емес. Әдиев мырзаның еңбегінің арқасында. Тек бюджетті игерген қарапайым басшы. Артында ешқандай жасаған ісі қалмай, отставкаға кетті. Осыдан бірнеше жыл бұрын Грузия футбол федерациясының басшысын мысалға келтірген болатынмын. Кобиашвили ауыл-аймақтарға барып, тек біздегі сияқты алаңдар емес, стадиондар салады. Грузия футболы үшін ерең еңбек етіп жатыр. Міне, нағыз федерация президенті деп айтуға болады. Жеке өзім, Әділет Барменқұловтың жұмысына оң баға бере алмаймын.

Қазақстан футбол федерациясы президенті лауазымына қай маманды лайықты деп санайсыз?

-Менің ойымша Самат Смаковты немесе футбол ойнаған, қазіргі уақытта басшы болып жүрген мамандарды қою қажет.

Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті лауазымынан кеткені жайлы хабарлаған болатын

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie