locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Алмас ҚҰЛШЫНБАЕВ: “Астана мені жақсы қуанытты”

Алмас ҚҰЛШЫНБАЕВ: “Астана мені жақсы қуанытты”
Алмас ҚҰЛШЫНБАЕВ: “Астана мені жақсы қуанытты”

Белгілі футбол маманы Алмас Құлшынбаев қазақстандық “Астананың” 2024/25 маусымдағы Конференциялар Лигасының негізгі кезеңіне шығуына қатысты өз ойларымен бөлісті.

“Матч алдында мен “Бранн” қажетті нәтижеге қол жеткізіп, келесі кезеңге өтеді деп ойлаған едім. Бірақ , мен қазақстандық команда жеңіске жеткенде, әрқашан қателескеніме қуанышты боламын. “Астана” мені қуантты. Мұндай мықты қарсыласты 3:0 есебімен жеңу — үлкен жетістік. Бұған дейін қазақстандық командаларға жеребе жолдас болды, бірақ “Бранн” - жоғары деңгейдегі қарсылас. “Астана” Норвегияда жеңілген кезде, мен олардың ойынының қозғалысы мен мазмұны ұнағанын атап өткен едім. Енді “Астана” барлығына өзінің мықтылығын дәлелдеді. Осы жеңістен кейін олар ішкі чемпионатта да жеңіске жетуі мүмкін. Қалай болатынын уақыт көрсетеді, олардың келесі турдағы “Қайратпен” ойынын көрейік,” - деп Құлшынбаевтың сөзін Sports.kz интернет басылымы жеткізді.

Айта кетейік, бүгін жеребе қорытындысы бойынша “Астана” 2024/25 жылғы Конференциялар Лигасының топтыө кезеңіндегі алты қарсыласы анықталды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie