locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Алиссон Бекер жарақат алды: Кристал Пэласқа қарсы матчтағы жарақат ауыр болуы мүмкін

ФОТО:  Getty images
Алиссон Бекер жарақат алды: Кристал Пэласқа қарсы матчтағы жарақат ауыр болуы мүмкін

“Ливерпуль” қақпашысы Алиссон Бекер АПЛ-дің 7-ші турындағы “Кристал Пэласқа” қарсы матчта жарақат алды. Бразилиялық қақпашы ойынды негізгі құрамда бастады, бірақ 79-минутта жарақат кесірінен алмастырылды.

32 жастағы Алиссонда тізе астындағы сіңірдің жарақаттануы мүмкін деген күдік бар, бұл туралы Фабрицио Романо хабарлады. Команданың медициналық қызметі жақын арада оның жағдайын тексеріп, жарақаттың қаншалықты ауыр екенін анықтайды.

Алиссон осы маусымда 8 матчқа қатысып, 3 гол жіберді.

АПЛ-дің жетінші турындағы матчта мерсисайдтық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның басында “қызылдардың” португалиялық шабуылшысы Диогу Жота жалғыз голды соқты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie