Алиша Леманн:"Біз бірдей жұмыс атқарамыз, бірақ оның тапқан табысы менікінен 100 есе көп"
«Ювентус» әйелдер командасында өнер көрсететін швейцариялық шабуылшы Алиша Леманн әйелдер футболындағы жалақы мәселесі туралы сөз қозғады.
«Жаттығудан кейін мен Дугласқа (жігітіне) бұл әділетсіздік екенін жиі айтамын. Біз бірдей жұмыс атқарамыз, бірақ оның тапқан табысы менікінен 100 есе көп. Бірдей жалақы мәселесі мені қатты алаңдатады, өйткені мен әйелмін. Командаластарыммен бірге біз Италияда әйелдер футболын дамытуға және спорттағы әйелдерге қолдау көрсетуге тырысамыз. Дегенмен, бұл ұзақ процесс екенін және бізге уақыт қажет екенін түсінемін», - дейді Леман. Ойыншының сөзін RMC Sport басылымы жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында оның сүйіктісі Дуглас Луис «Ювентус» ерлер командасына ауысты. Леманның туриндік клубтың әйелдер командасына ауысуы Луистің ауысуымен байланысты болуы мүмкін.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52