«Аль-Хиляль» Рафаэл Леауға көз тікті


Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубы «Миланның» вингері Рафаэл Леауға қызығушылық танытып отыр. Бұл ойыншыны жазда Мюнхеннің «Бавариясы» да өз қатарына қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы инсайдер Николо Скира хабарлады.
Мәліметке сәйкес, саудиялық клуб португалиялық футболшы бойынша ресми сұраныс жолдаған. «Милан» Леауды шамамен 100 миллион еуроға бағалайды. Клуб ойыншыны сатқысы келмейді, бірақ тиімді ұсыныс түссе, оны қарастыруға дайын. Алайда Леаудың өзі Еуропада қалуды қалайды.
Өткен маусымда Рафаэл Леау «Милан» сапында барлық турнирде 50 матч өткізіп, 12 гол соқты және 13 нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының бағалауынша, ойыншының нарықтық құны – 70 миллион еуро.
Осимхен «Аль-Хилалға» ауысуға жақын.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11