locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Альфонсо Дэвиске сәтті ота жасалды

Футбол 27 нау 2025 04:57
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Альфонсо Дэвиске сәтті ота жасалды
ФОТО: Getty Images

Мюнхеннің «Бавария» клубының қорғаушысы Альфонсо Дэвис тізесінің айқасқан байламдарына жасалған хирургиялық отаны сәтті өткізді, деп хабарлады Bayern & Germany.

Ауыр жарақат алған канадалық футболшы осы маусымның соңына дейін кездесулерге қатыса алмайды. Ол бұл жарақатты Канада ұлттық құрамасының сапында болған кезде алған.

Биылғы маусымда Дэвис «Бавария» сапында барлық турнирлерде 31 матч өткізіп, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Жарақатына қарамастан, футболшы мюнхендік клубпен мансабын жалғастырады. Ақпан айында ол «Бавариямен» келісімшартын 2030 жылдың шілдесіне дейін ұзартты.

«Реал» Трентті қосамыз деп отқанда, «Барселона» Тейлор Свифтпен келісімге отырмақшы.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie